Қызылордалық қыздың өнері The Voice шоуының әлемдік рейтингіне енді

739

0

YouTube-та әлемнің түкпір-түкпірінен The Voice шоуына қатысушылардың ең жақсы нөмірлері жиналды.

18 жастағы Құралай Мейрамбектің «Голос» («Qazaqstan дауысы») шоуындағы өнері Best of The Voice әлемдік рейтингіне енді, деп жазады Tengrinews.kz.

YouTube-та әлемнің түкпір-түкпірінен The Voice шоуына ұқатысушылардың ең жақсы нөмірлері жиналды. Осы аптаның рейтингіне соқыр тыңдалым кезінде қазылар алқасын даусымен тәнті еткен Қызылорда облысының тумасы кірді. Бойжеткен «Қорқыт-қобыз» композициясын орындап, оған төрт тәлімгер де бұрылды. Құралай Сәкен Майғазиевтің командасына барды.

Құралай Мейрамбек бес жасынан ән айтады, ол «Ботақан» байқауының жеңімпазы. Қазір орындаушы Қазақ ұлттық өнер университетінде «арт-менеджмент» мамандығы бойынша оқиды.

«Іріктеуге басқалар сияқты биыл мамырда келдім. «Qazaqstan дауысына» алғаш қатысуым. Тыңдалымға «Қорқыт-қобыз» әнін таңдадым, себебі Қызылорда облысының тумасымын, ән жүрегіме жақын. Бірінші кезеңнен өттім, қазір екіншісіне дайындалып жатырмын», – дейді қыз.

2011 жылы жас орындаушы Испанияның Ллорет-де-Мар қаласында өткен халықаралық байқауда бірінші орын алған. Сонымен қатар, сол жылы ол Витебскідегі «Славян базары» халықаралық балалар байқауында бірінші орын алып, арнайы сыйлыққа ие болған. Құралай Мозамбикте өткен IFLC Mozambique байқауына да қатысқан, 2015 жылы румын-түркі олимпиадасында жеңіске жеткен. Қыз болашақта халықаралық деңгейге шығып, халықаралық шоуларға қатысуды және онда Қазақстан мәдениетін таныстыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<