Қазақстанның бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

751

0

Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

6 қазандағы № 45 қаулыда «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» қаулыға өзгерістер енгізілген.

Қаулыға сәйкес, Аргентина Республикасы, Мажарстан, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Сан-Марино Республикасы, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Таиланд, Түркия Республикасы және Эстония Республикасы азаматтарының вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылды. 

Еске салайық, 2021 жылдың шілдесінде Қазақстан Венгрия, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы мен Молдова Республикасының вакцинация төлқұжаттарын жарамды деп таныған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<