Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады

234

0

Фото: ашық дереккөз

Астана мен 6 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-сы.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 3 наурыз күні Астана мен Батыс Қазақстан облысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын соғады.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі.

Жетісу облысында тұман түсіп, екпінді жел соғады.

Түркістан облысында екпінді жел соғып, жауын жауады.

Өскемен мен Риддерде жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасу ықтималдылығына байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<