Қазақстанның оңтүстігінде үсік жүреді

501

0

Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады. «Қазгидромет» синоптиктері 20-22 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жауын-шашынның қарға ұласуына және елдің солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне себеп болған Скандинавия түбегінен келген суық антициклон Қазақстан арқылы жылжуын жалғастырады.

«Енді оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ кей жерде 3 градусқа дейін аяз болады», – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 20-21 сәуірден бастап Алматыда Скандинавиядан суық арктикалық ауа келетінін айтқан болатын. Осыған байланысты түнде 5 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Күндіз күн жылы болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<