Қажырлы еңбекке – лайықты құрмет

482

0

Сырдария аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы Сталбек Зікірияұлы Тобағұловты құрметті еңбек демалысына шығарып салуға арналған іс-шараға облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов қатысты.

Өз кезегінде Наурызбай Сейітқалиұлы саналы ғұмырын ауданның әлеуметтік-экономикалық да­муы­на арнаған Сталбек Зікірияұлының есімі аудан халқына етене таныс екенін атап өтіп, Алғыс хат табыстады.

Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы С.Тобағұловтың иығына шапан жауып, алдағы уақытта ардагерлер кеңесінің белсенді мүшесі боларына сенім білдірді. Іс-шарада Қазақстан Журналистер одағының мүшесі М.Шілдебаев пен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиал төрағасы Ш.Нұрсейітов өз лебіздерін білдірсе, аудандық мәслихат депутаттары атынан Б.Есназар арнау жырын оқыды. Әріптестер құрметіне С.Тобағұлов алғысын айтты. Көктемнің көркем мерекесіне орай аудандық мәслихат аппаратының қыз-келіншектеріне сый-сияпат жасалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<