«ҚазТрансГазАймақ» қызылордалықтарға 1,5 миллиард теңге шығын төлейді

359

1

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-тың Қызылордадағы бөлімшесі тарифтік смета шығындары бабын бұзғаны және бекітілген тарифті қолданбағаны үшін тұтынушыларға 1,5 миллиард теңгеден аса қаражатты қайтаруға міндеттелді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«2020 жыл бойынша тарифтік сметаның орындалуына жүргізілген талдау шеңберінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Қызылордадағы бөлімшесінде тарифтік смета шығындары бабын бұзу және бекітілгентарифті қолданбау дерегі анықталды.


«Нәтижесінде «ҚазТрансГазАймақ» АҚ биыл 1 тамыздан бастап тауарлық газды газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау қызметіне ҚҚС-сыз 1000 текше метрге 3320,45 теңге мөлшерінде немесе бекітілген тарифке қарағанда 44,1 пайызға төмендетіліп 1 жылға уақытша өтемдік тариф енгізу жолымен тұтынушыларға 1 548 508 389 теңге залал сомасын қайтарады», – делінген министрлік хабарламасында.


Бұрын ҚҚС-сыз мың текше метр үшін 5941,35 теңге тарифі қолданылған. Сондай-ақ, кәсіпорынның бекітілген тарифті 44,1 пайызға төмендету мүмкіндігі бар.


Жаңа ережелер 1 тамыздан бастап күшіне енеді.

Пікірлер:
  • Баяғыдан осылай жасау керек еді… Лиц счеттан көрсеткенін төлейміз…и тағы да 15-20 000 апртық шығып тұрады… Звондап «Мен әлі бұл ақшаға жаққаным жоқ»айтсақ, менеджер…»бізде осындай…бәрібір сіз оны жағасыз гой..» деп, жауап береді… ертең, штраф болмай ма десек, жоқ олай емес…болмайды…дейді… мысалы, мен 0,00 етіп жаспам, ертеңне, каспи кз тен 8000 қарыз деп шығып тұр…барсаң бір-біріне сілтеп, ешкім бас қатырмайды…сондықтиан, әлі де, қарау керек… Жалпы қызылорда қаласының коммуналдық қызметін тексеру керек…аудитор қаржылық,басқа жақтарын қарау керек…өткенде ғана, қызылорда су жүйесі трактормен келіп тұр, қиямыз деп..ол менің трубамның қайда жатырғанын да білмейді гой, бейшаралар…5 жыл болды, пломба салдыра алмай жүргеніме өзім жүргізіп алған су счетчігіне…бірнеше рет барып, тапсырдым, өтініш берген қағазы да бар… ақша сұұрайды менеджер, ал, пломба жоқ… осы ықараайтын, тексеретін мекемелер болса екен…

Пікір жазыңыз