Қазыналы қарттарға құрмет көрсетті

938

0

1 қазан – Халықаралық қарттар күнінде аудан әкімі Асқарбек Есжанов қазыналы қарияларымыздың шаңырақтарына барып мерейлі мерекемен құттықтады.

Аудан әкімімен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Алиев және аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов болды.

Кездесу барысында Асқарбек Темірбекұлы ардагерлеріміздің жүріп өткен жолы – елдік пен ерлік жолы екенін айтты. Ардагер әкелеріміз бен аналарымыздың әділдікті, елдікті, ақиқатты ту етіп жүріп өткен осынау жолы жас ұрпақты әрқашан ерлікке, Отанды сүюге бастайтынын жеткізді. Осы тұрғыдан алғанда ардагерлеріміздің елдің кемел келешегі үшін еткен жасампаз еңбектері мәңгі жасайтынын сөзге тиек етті.

Айта кетейік, қазіргі таңда аудандық ардагерлер ұйымы 4 мыңға жуық зейнеткер ардагерлерімізді 79 ұйымға басын біріктіріп отыр. Олардың 2247-і ауыл округтерінде болса, 1575-і аудан орталығында есепте тұрады. Ардагерлер ұйымының жұмысына аудандық ардагерлер кеңесі басшылық жасайды. Бұл аудандық ардагерлер кеңесін 2009 жылдан бастап білікті басшы, ауданның құрметті азаматы Садық Алиев басқарып келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<