Қоғам тынысын тап басқан

3681

0

Жақында жерлесіміз қаламгер Шымкентбай Жылмағанбетовтің «Өмір көшінде» атты жаңа кітабы «Формат-Принт» баспасынан жарыққа шықты.

Бұл кітапқа автордың әр жылдары жазылған әңгімелері, өлеңдері, әзіл-сықақ, фельетондары іріктеліп алынған. Мұның өзі үш кітаптан тұрады. «Қырмызы ғұмыр» атты бірінші кітапқа әңгімелері, «Сезім пернелері» деп аталатын екінші кітапқа өлеңдері жинақталса, үшінші кітап – «Арсыз болмай атақ жоққа» әзіл-сықақ, фельетондары топтастырылған.

Шығармалардың желісі соңғы үш ғасырдың үзік-үзік көріністерін көз алдыңа әкеледі. Бас кітаптың «Өмір көшінде» деп аталуы да сондықтан. Әңгімелері мен өлеңдерінде сол кездердегі қоғам тынысы, жастар өмірі, олардың ата-анаға, Отанға, туған жерге, асыл жарға, отбасына, еңбекке деген сүйіспеншіліктері сырлы сезіммен суреттеледі. Махаббат ұшқынынан жалын лаулатып, жаныңды әсерге бөлейді.

Сонымен бірге тағдыр тауқыметіне төтеп бере алмай өмірден баз кешкен мұңлықтардың мұңы да оқырмандарын бейжай қалдырмайды. Ал әзіл-сықақтарында өмірдегі түйткілдер мен адам бойындағы келеңсіздіктерді ащы тілмен түйрейді.

Кітап қалың оқырман қауымға арналған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<