Қолөнер шеберлері партия алаңында бас қосты

446

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалында аймақтағы қолөнер шеберлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Шараны ашқан партия филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова қолөнеріміздің озық үлгілерінің қаймағын бұзбай қазіргі күнге дейін жеткізіп, өнерін кейінгі ұрпаққа өнеге етіп отырған шеберлердің жұмыстарына ризашылығын білдіріп, игілікті істеріне сәттілік тіледі.

Мұнан соң облыстық кәсіпкерлер палатасы мен облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармалары мен қалалық жұмыспен қамту орталығының өкілдері арнайы хабарлама жасап, кәсіпкерлік кеңістігіндегі әйел азаматтардың белсенділігі мен оларға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар мен жобалар және гранттар жайында мәліметтер берді.

Кездесу барысында облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова мен облыстық іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі Наталья Мишукова әйелдердің ел дамуындағы рөліне тоқталып, қолөнершілер тарапынан түскен ұсыныстарды тыңдап, сұрақ-жауап алмасты.

Шара соңында өңіріміздің мәдениеті мен қолөнерінің дамуына үлес қосып жүрген шеберлерге алғыс білдіріліп, құрмет көрсетілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<