Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде ревакцинация басталды

145

0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде 6 ай бұрын коронавирусқа қарсы вакцина алған қызметкерлер мен білім алушылардың ревакцинациясы басталды.

Қалалық №6 емхана мамандары вирустың жаңа штаммдарынан қорғау үшін екпенің үшінші дозасын егуде. Науқанның алғашқы күнінде оқу орнының 100-ге жуық қызметкері қайта екпе салдырды.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның екі компонентін қызметкерлердің 98 пайызы, білім алушылардың 94 пайызы алған. Сондай-ақ, бүгінде университетте 18 жасқа толмаған 1100 студент бар. Оларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Pfizer вакцинасын ерікті түрде алу насихатталады.

Еске сала кетейік, білім алушылар 24 қаңтар мен 7 ақпан аралығында сабақтар онлайн форматта өтеді.  Ал 7 ақпаннан бастап аралас форматта оқиды.