Қоржында  – екі жүлде

936

0

Түркістан облысының Ленгер қаласында дзюдодан 2007-2009 жылдары өмірге келген жасөспірімдер арасында халықаралық турнир мәресіне жетті.

Биыл үшінші мәрте жалауын көтерген жарыста №5 облыстық балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резервтер мектебінің оқушылары жүлделі оралды.

Беделді бәсекеде Біржан Алдаберген (60 келі) өз салмағында қарсылас шақ келтірген жоқ. Нәтижесінде жеңіс тұғырына көтеріліп, алтыннан алқа тақты. Ал Досымжан Сақтан (81 келі) қола жүлде иеленді.

Жас балуандарды жарысқа Қайрат Төленов, Тұрар Баймаханов, Берік Байтабынов дайындады.

Жас шахматшылар жетістігі

Қостанай қаласында өткен шахматтан Қазақстан кубогында қызылордалық өрендер жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Жарыс барысында классикалық түрінен Дінмұхамед Сайран 6 жасқа дейінгілер арасында жеңімпаз атанды.  Ал 10 жасқа дейінгілер арасында Әмина Ерболатқызы мен Нұрасыл Несіпәли екінші орынға ие болды. Сондай-ақ, 8 жасқа дейінгілер қатарында Сабина Абылай үздік үштікті түйіндеді.

Шахматтың блиц түрінен Ернар Ержанұлы қола жүлдегер болды. Оған қоса Кәусар Әли блицтен екінші, классикалық түрінен 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші орын алды. 

Қармақшылық желаяқтар табысты оралды

Қармақшылық желаяқтар Алматы қаласында өткен жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде жүлделі орындарға жайғасты.

Аудандық №15 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тәлім алатын Сымбат Мырзашқызы мен Мирас Жақсылық 2000 метрге жүгіруде мәре сызығын екінші болып қиса, Қымбат Мырзашқызы үшінші келді.

Әзірлеген

Әділжан ҮМБЕТ,

 «Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<