Қос ауылда атқарылар шаруа көп

325

0

Сырдария ауданы әкімінің міндетін атқарушы Берік Сәрменбаев Қалжан ахун, С.Сейфуллин ауылы тұрғындарымен кездесіп, 2022 жылы экономикалық және әлеуметтік салаларда атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жылда іске асырылатын жұмыс жоспары туралы баяндады.

2022 жылы тұрғындардың ұсынысымен Қалжан ахун ауылында «Сүндетбай» шаруа қожалығының демеушілігімен спорт алаңына жасанды төсеніш төселіп, сырлау, жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген. Ағымдағы жылы ауылда Қайқы батыр көшесін орташа жөндеу және елді мекенді газдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

С.Сейфуллин ауылында өткен жылы Сәрке батыр көшесі бойына тротуар салуға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жұмысы толығымен аяқталған. Сонымен қатар, тұрғындарды сапалы электр жарығымен қамту мақсатында елді мекендегі Зейін Әбілдаұлы көшесіне жарық орнату жұмыстары жүргізіліп, көшелердің жарық шамдары толығымен диотты жарық шамдарға ауыстырылды. «Балалар жылы» аясында кәсіпкер Т.Рақметовтың демеушілігімен балалар ойын алаңы салынып, пайдалануға берілген. Аталған жұмыстар биылда өз жалғасын табады.

Ауыл тұрғындары өз кезегінде ауылға қатысты мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын жеткізді. Кездесуде тиісті сала басшаларына тапсырмалар беріліп, ұсыныстар хаттамаланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<