Қос кітаптың тұсаукесері

338

0

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастамасымен «Отандық арнаулы қызметтің хроникасы» және «Мемлекеттік шекара» атты 2 кітап баспадан шықты.

ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті және ҚР ҰҚК Шекара қызметі облыс бойынша департаменті бірлесіп, аталған кітаптардың тұсаукесер шарасын өткізді.

Тарихи очерктер алғаш рет жарияланған архив құжаттарымен және фотосуреттермен безендірілген. Кітаптар жалпы оқырманға арналған. Онда Ұлттық қауіпсіздік комитеті қалыптасуының негізгі кезеңдері, қызметкерлер мен әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін күнделікті еңбегінің күрделілігін әрі көп қырлылығын көрсететін операциялар туралы әңгімелер енгізілген.

Шынайы адамдар, оқиғалар мен деректерге негізделіп, олардың тікелей қатысушыларының сезімдері мен эмоциялары арқылы сипатталған. Кітаптарда жергілікті департаменттер жүзеге асырған операциялар да көрініс тапқан.

Шараға ҰҚКД басшылығы мен зейнеткерлері,  кітапта сипатталған оқиғалардың қатысушылары мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Сондай-ақ, қызметтік борышын орындау барысында құрбан болған батырлардың туыстары мен жақындары шақырылды. Солардың бірі – «Боран» десанттық-шабуылдау маневрлік тобының жауынгері, сержант Ардақ Қазиевтің анасы Гүлсара Ержанова.

Кітапта жарияланған операциялар мен оқиғалар ҰҚК-нің қызметтік тізімінің оннан бірі ғана. Өйткені онда құпиялылығын ашуға мүмкін болған операциялар мен оқиғалар ғана айтылған.

Сонымен қатар, басылымдарда көрсетілген батырлардан кем емес лайықты офицерлер өз жеңістерін жарияламай, кез келген сәтте Отаны мен Қазақстан азаматтарын қорғауға дайын.

Кітаптардың бірнеше данасы барлық қалаларда жаппай сату үшін «Меломан» дүкендеріне беріліп, 29 қарашадан сатыла бастады. Екі тілдегі электрондық нұсқалары «Kitap.kz» интернет-платформасында жүктеу мүмкіндігімен орналастырылды.

«СБ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз