Қосымша білім беру орталығындағы семинар

531

0

Еліміздің білім беру саласында қосымша білім беру орталықтарының дарынды балаларды анықтауда, олардың шығармашылық қабілеттерін, мәдени және эстетикалық талғамын қалыптастыруда, зерттеу және жобалау дағдыларын дамытуда, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруда маңызы зор.

21 сәуір күні «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында «Білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілік артыру курсының тыңдаушылары үшін Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында тәжірибелік семинар өткізілді. Орталық директоры Мерует Наушақызы семинарға қатысушы педагогтерді «IT IMAQORDA» балалар технопаркімен, орталықтағы балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беретін үйірме жұмыстарымен, оқу кабинеттерімен таныстырды. Орталық бес бағытта жұмыс жасайды. «Көркем-шығармашылық», «Вокал», «Дәстүрлі ән», «Хореография», «Актерлық шеберлік», «Bala-Orda» балалар театрларының шеберлік сағаттары көрсетілді.

Қосымша білім беру орталығы мен «Өрлеу» Қызылорда филиалы арасындағы әріптестік байланыс бірлескен жобалардың бастамасы болатынына сенімдіміз!

Жанар Құлымбетова,

«Өрлеу» Қызылорда филиалының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<