Құқық бұзушысыз әскер

495

0

Қызылорда гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің ұйытқы болуымен Арал қаласы 10216-Ж әскери бөлімінің барлық санаттағы әскери қызметшілерінің қатысуымен қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс-шара ұйымдастырылды.

Әскери бөлімдегі «Өміріңді сақта» ведомствоаралық бағдарлама аясындағы «Құқық бұзушысыз әскер» айлығы Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Бақтияр Дәуренқұловтың басшылығымен өтті. Сонымен қатар, Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әскерлер қызметі жөніндегі офицері аға лейтенант Шахмұрат Ршауов қатысушыларға қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, тәуліктік кезекшілікті атқару кезіндегі талаптарды сақтау бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары туралы баяндады.

Іс-шараның мақсаты – әскери қызметшілер мен отбасы мүшелерінің арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, жалпы құқықтық негіздерді түсіндіру.

– Қарулы күштерде барлық тақырыптарды қамтитын онкүндіктерге ерекше назар аударылуда. Қызылорда гарнизонында да әскери қызметшілердің салауатты өмір салтын қалыптастыру мен құқықтық танымдарын жетілдіру мақсатында жоспарланған айлықтар мен онкүндіктер өткізіліп келеді және өз нәтижелерін беруде. Осы кездесу барысында жеке құрамға кез-келген құқық бұзушылықтың салдары үлкен қылмысқа әкеліп соғатыны да жеткізілді, – дейді әділет капитаны Бақтияр Дәуренқұлов.

Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің офицерлері аймақтағы әскери бөлімдер мен мекемелердің жеке құрамымен жоспарлы бағдарламалар негізінде көптеген іс-шаралар өткізіп келеді.

Мұхит Қонаров,

Қызылорда гарнизоны

баспасөз қызметінің

бастығы, лейтенант

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<