Құқықтық актілер

276

0

5 қаңтар

• Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілді.

• Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Конституциясының 70-бабына сәйкес қаулы етіліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылданды. ҚР Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелді. Үкімет мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыратын болды.

• Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалып, ҚР Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы лауазымынан босатылды.

• Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды.

• Алматы облысында, Нұр-Сұлтан қаласында, Атырау облысында, Шымкент қаласында, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жағдай енгізілді.

6 қаңтар

• Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымына тағайындалды. Ол ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды.

• Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Қажымханұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымынан босатылды.

• Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының өкімімен Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды.

• Мемлекет басшысының өкімімен Берік Садықұлы Құнанбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры лауазымына тағайындалды.

• Мемлекет басшысының өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры лауазымынан босатылды.

• Мемлекет басшысының өкімімен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

• Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

• Мемлекет басшысының Жарлығымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Нематұлы Келімбетов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.

• Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысының міндеттерін уақытша атқарушысы болып тағайындалды.

• Мемлекет басшысының өкімімен Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<