Құрылыс нысандарын аралады

286

0

Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және Жалағаш кентіне темір жол арқылы өтетін аспалы құрылысымен танысты.

Бүгінгі күнге дейін аудан әкімі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ішкі жұмыстарын үйлестіру керек екендігін тапсырған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқын алған. Асқарбек Есжанов нысанның ішкі жұмыстарына қажетті құрылыс заттарының сапалы болу қажеттігін ескертті.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Жалағаш ауданының халқымен кездесуінде тұрғындар көтерген аспалы көпір мәселесі оң шешім тауып, 2023 жылдың мамыр айында аспалы көпір құрылысы басталды.

Аспалы көпір құрылысының бүгінгі күнге дейінгі аяқталған жұмыстарымен танысқан Асқарбек Есжанов, жобаны жұмыс кестесінен кешіктірмей аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ, Жалағаш кентіндегі бірқатар ішкі көшелерді аралап, тұрғындар қауіпсіздігі үшін аудандық полиция бөліміне белгіленген тәртіпке сәйкес жол қозғалысын реттеуді ескертті.

Жалағаш кентінің орталығын абаттандыру жұмыстарын жылдамдату қажеттігін айтқан аудан әкімі, мекемелердің қас келбетіне әктеу-әрлеу жұмыстарына жауапты мердігерлердің жұмыс сапасын қадағалауды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<