Құрылыс нысандарын аралады

227

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек бірқатар құрылыс нысандарын аралады.Аудан басшысы әлеуметтік осал топтағы азаматтарға салынатын үйлерге белгіленген жер учаскесімен танысып, жауапты сала басшыларымен құрылыс жұмыстарын жүргізу туралы талқылады. «Қазақавтожол» ЖШС-нің №56 Қармақшы жол пайдалану бөлімшесінің жұмыстарымен танысып, «Жасыл белдеу» түсетін орындарды қарады. Сондай-ақ, Жандос Еркінбекұлы «Руханият» орталығының құрылысын салу мәселесін пысықтап, жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстарын бақылады.

Дене шынықтыру – сауықтыру кешені аудан тұрғындарының тұрақты бұқаралық спортпен шұғылданатын орындарының біріне айналды. Аудан басшысы жаңа ғимаратқа орналасқан спорт клубының жұмысымен танысып, алға қойылған жоспарларды талқылады.Темір жол өткелін салу мәселесі аудан бойынша өте өзекті мәселе. Қазіргі уақытта өткел құрылысының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша тиісті жұмыстар басталды. Аудан басшысы арнайы мәселелерді талқылап, халық қажеттілігі үшін салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысын тұрақты бақылау қажеттілігін ескертті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<