Құрылыс нысандарының сапасы бақылауда

789

0

Бүгін облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырысқа фракция мүшелері мен басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібінде 2021-2022 жылдары салынып, пайдалануға берілетін нысандар туралы мәселе қаралды.

Отырыста облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов,  облыстық денсаулық  сақтау басқармасының басшысы Сәбит  Пазылов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ержан Жеткерұлы хабарлама жасады.

Жасалған хабарламалар бойынша фракция мүшелерінен түскен барлық ұсыныстар назарға алынып, алдағы уақытта құрылысын жүргізуге басымдық берілетін нысандар тізімін басқармалармен бірлесе жасақтап облыстық мәслихатқа жолдау туралы шешім қабылданды.

Жиында көтерілген мәселенің маңыздылығына орай фракция жетекшісі осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі атқару үшін депутаттар тиісті атқарушы органдармен тығыз байланыста жұмыс істеулері қажет екенін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<