Қылқаламда – өмір өрнектері

1234

0

Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл қаласында «Караван искусства» халықаралық байқауы болып өтті.

Өнерпаздар жас ерекшелігіне қарай түрлі топқа бөлінді. «Этно-АRT Дизайн» орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауда кәсіби суретшілер мен қолданбалы шығармашылық шеберлер өзара үздікті анықтады. Аталған жарысқа қызылордалық қылқалам шеберлері де қатысты.

Атап айтар болсақ, Сыр елінен барған жерлестеріміз үздіктер қатарынан көрінді. Осы өнер бәйгесінде жерлесіміз Злиха Календарова ши тоқудан үздік атанып, Қырғызстан кубогының жеңімпазы атанды.

Сонымен қатар Зухра Баймырзаеваға белсенді қатысқаны үшін Қырғызстан мәдениет және спорт, туризм министрінің алғыс хаты табысталды. Дәрігүл Танатарова, Баян Абуова, Камилла Календарова, Роза Қоңыратбаева, Меруерт Тумабаева арнайы сертификаттарға ие болды.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<