Қылқаламнан туған құдірет

2203

0

Арал аудандық мәдениет үйінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының ұйымдастыруымен ҚР Суретшілер және Журналистер одағының мүшесі Көлбай Әбілханұлының «Толқынды Арал» атты  шығармашылық көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Ашылу салтанатында Арал ауданы әкімінің орынбасары Кете-Төлеби Досымжанұлы және ҚР Суретшілер одағының мүшесі Берік Бөкешов құттықтау сөз сөйледі.

Көрменің мақсаты – Қазақстанның бейнелеу өнерін насихаттап жүрген өңіріміздің танымал өнер иесінің шығармашылығын туған жерінде дәріптеу, халық арасында кеңінен насихаттау.

Бүгінгі көрмеге суретшінің қылқаламынан шыққан майлы бояумен, акварельмен орындалған және графикалық, әзіл суреттерінен 70-ке жуық туындылары  қойылды.

Суретшінің жұмыстары пейзаж, тұрмыстық жанрға негізделіп салынған. Көрмеде көпшілік назарына ұсынылып отырған шығармалардың көбісі акварель бояуларымен салынған. Ол ішкі жан дүниесіндегі сезімді көрерменге жеткізу үшін осы акварельдің мүмкіндігін қолданған. Акварель бояулары қағаз бетіне мөлдір болып түседі, сол мөлдірлік оның ең басты қасиеті болып табылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<