Қыстақтан шығып кеткен: Қызылордада 6 жасар бала жоғалды

83

0

– Қызылорда қаласында алты жастағы бала із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бала облыс орталығындағы Титов қыстағынан 27 сәуір күні, сағат 10.00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның жоғалғаны жөнінде арыз сағат 19.35-те түсті.

Іздестіру жұмыстарына облыстың Полиция департаменті, Қызылорда қалалық полиция басқармасының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

«Полиция қызметкерлерінің күшімен қаланың көпқабатты үйлерінің шатырлары, өжірелері және ауладағы люктары, саяжайлардағы тастанды үйлер, құрылысы бітпеген ғимараттар, жертөлелер, Сырдария өзенінің жағалауы тексерілуде. Іздеу жұмыстары Полиция департаменті бастығының қатаң бақылауында. Жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда облысы Полиция департаментіне, Қызылорда қалалық полиция басқармасына шұғыл түрде хабарласуды сұраймыз. Байланыс нөмірлері: 8 (7242) 29-70-10, 29-75-20, 29-75-07 және 102 арнасы», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.




Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз