Қытайда шахта опырылып, 50-ден астам адам үйінді астында қалды

428

0

Сурет: Ашық дереккөз

ҚХР Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында көмір шахтасы опырылып, ондаған кенші тұзақта қалып қойған. Бұл туралы ҚазАқпарат меншікті тілшісі хабарлайды.

«Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, оқиға Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында түстен кейін болған. Салдарынан 50-ден астам адам үйінді астында қалып қойды.

Жергілікті уақытпен сағат 17:22-дегі жағдай бойынша үш адам құтқарылды. Оқиға орнына іздестіру-құтқару топтары жіберілді.

Фото: depositphotos.com

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<