«Қызыл галстук» поэмасы суретте

131

0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде  ақын Жұбан Молдағалиевтің «Қызыл галстук» поэмасы негізінде  «Суреттер сөйлейді»  сайысы өткізілді.

«Ұлы Дала ақындары» жобасы аясында өткізілген шараға 7-12-сынып оқушылары қатысты. Жас зияткерлер  Жұбан ақынның  «Қызыл галстук» поэмасын оқып, мазмұнын  сурет арқылы шығармашылығымен жеткізді.  Байқауға 13 жұмыс келіп түсті. Оқушылар шығарманың мән-мағынасын түсініп, талдай отырып, көркем-эстетикалық тұрғыда креативтіліктерін  көрсете алды.

«Бұл шара – баланың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруда  тиімді әдіс екенін көрсетті. Оқушылар тілдік оралымы күрделі шығарманың тарихи құндылығын  қаламмен бейнелей алған»,  дейді қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гаухар Мананбай.

Жауынгер ақынның «Қызыл галстук» поэмасы 1941 жылы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ауыр тұрмысты бейнелейді. Оқиға оқырмандардың  бойында ұлтжандылық, батылдық секілді қасиеттерді дамытып, ерлік жасауға шақырады. 

Оқушылардың шығармашылығын қазақ тілі мен әдебиеті  жәнеөнер пәнінің мұғалімдері бағалады.  Сайыс қорытындысы бойынша 11-сынып оқушысы Нұрай Тоқсанбай жеңімпаз атанса, жүлделі екінші орынды 8-сыныптан Алина Шакетова және 11-сыныптан Нұрай Аманкелді бөлісті. Ал 8-сынып оқушысы Ділмұрад Қозбақов , 7-сынып оқушысы Дина  Жанұзақова және 11-сынып оқушысы Диана Камил үшінші орынды иеленді. 

«Жеңімпаздың жұмысы акварельмен бояу техникасында салынған. Сурет толық аяқталған, боялған және автор өз ойын аша алған. Сурет салудың барлық заңдылығы сақталған», – дейді өнер пәнінің мұғалімі  Мөлдір Теңізбай.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз