«Қызылорда тазалығы» жұмысшылары қоғамдық көлікте тегін жүреді

584

0

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдауына келген «Қызылорда тазалығы» КММ-нің жұмысшысы Гүлайым Қарғабаева 18 жылдан бері осы қызметті атқара жүріп, қоғамдық көлікте жиі қатынайтынын және бұл қалтаға әжептәуір салмақ салатынын айтып, аймақ басшысынан көмек сұрады.

Облыс әкімі «Қызылорда тазалығы» мекемесі жұмысшыларының еңбегі аса жауапты әрі қиын екенін алға тартып, қала әкімі Асылбек Шәменовке 1 маусымнан бастап қоғамдық көлікте тазалықшылар үшін тегін жүру билетін енгізу қажеттігін тапсырды.

– Күннің ыстық-суығына қарамастан адал еңбек етіп, қаланың тазалығын сақтап жүрген «Қызылорда Тазалығы» ЖШС жұмысшыларына құрметіміз ерекше болуы тиіс. Таңның атысы мен кештің батысына дейін көше аралап жүретін азаматтарға барынша қолдау көрсетілуі қажет. Сол себепті, 1 маусымнан бастап бұл мекеменің барлық қызметкерлерінің қоғамдық көлікте тегін жүруін ұйымдастыру керек, – деді облыс әкімі.

***

облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілікке сәйкес 10 тұрғынды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, көкейде жүрген мәселелерін тыңдады.

Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік көмек сұрап, денсаулық сақтау саласына, тұрғын үй мәселесіне қатысты сауалдар көтерді.

Облыс әкімі тұрғын үй беру заң аясында кезек тәртібімен берілетінін баса айтып, уақытша баспанамен қамту жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Сондай-ақ, әлеуметтік мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларына тапсырма жүктеді.

Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша арыз тастау арқылы жазыла алады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<