Қызылордада 5 әлеуметтік дүкен ашылады

408

0

Өңірде әлеуметтік дүкендердің желісін кеңейту мақсатында облыстық бюджеттен 5 әлеуметтік дүкеннің құрылысына қаражат бөлініп, жыл соңына дейін ашылатын болады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 10 мың тонна қоры бар. Оның ішінде, қала және аудандардағы ірі сауда орындарында жалпы 6,4 мың тонна өнім болса, тұрақтандыру қоймасында 3,3 мың тонна тауар тұр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Мұхтар Жансеитов мәлімдеді.

«Өнімдер облыс орталығында орналасқан 29 әлеуметтік дүкен, 2 әлеуметтік маркет, 5 ірі сауда үйлеріне жіберіледі. Сондай-ақ, 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қоры жеткілікті және бағасы тұрақты»,-деді Мұхтар Пернеханұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз