Қызылордада 6 жасар баланың өлімі туралы жалған ақпарат тарады

495

0

Қызылорда полициясы әлеуметтік желілерде алты жасар Әлтаир Бақыттың өліміне қатысты «мән-жайды» аудиожазбамен айтып берген әйелді іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылордада мессенджерлерде алты жасар бала «зорланғаны, аяусыз өлтіріліп, содан кейін ғана шұңқырға тасталғаны» туралы қауесет тарады. Қала полициясы бұл ақпаратты жоққа шығарды және қазір аудиожазбаның авторын іздестіріп жатыр .

«Қазіргі уақытта жалған ақпарат тарататын әйелді анықтау бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Әлеуметтік желілер немесе БАҚ арқылы жалған ақпарат тарататын адамдар қылмыстық жауапқа тартылатынын еске саламыз», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жалған ақпарат таратқан адам үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұлға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға я үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын атап өткен жөн.

Еске салайық, 29 сәуірде алты жасар баланың мәйіті кәріз люгінен табылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз