Қызылордада бірқатар нысанның жұмыс уақыты ұзарды

942

0

Бүгіннен бастап Қызылордада карантин талаптары тағы біршама жеңілдетілді. Соған сәйкес көптеген объект жұмыс режимі өзгерді.

  • Қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмыс уақытын сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін ұзарту (бұрынғы уақыты моншалар сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, сауналар сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін);
  • Сағат жөндеу шеберханаларының, химиялық тазалау, фотосалондардың, жарнамалық агенттіктердің, шаштараздардың, сұлулық салондардыңжұмыс уақытын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін ұзарту (бұрынғы уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
  • Автокөлікті техникалық тексеру мен қызмет көрсету станцияларының, көлік жуу, желімдеу қызметтерінің жұмыс уақытын сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін ұзарту (бұрынғы уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін);
  • Көлемі 500 шаршы метрден асатын бөлек тұрған азық-түлік емес тауарларды сататын нысандар мен базарлардың жұмыс уақытын сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін ұзарту (бұрынғы уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
  • Қоғамдық тамақтану және жазғы алаңдары бар таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің (келушілер саны бір мезетте  30 адамнан аспауы тиіс)жұмыс уақытын сағат 11:00-ден 23:00-ге дейін ұзарту (бұрынғы уақыты сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін);
  • Фитнес клубтардың, тренажерлік залдардың, бассейндердің жұмыс уақытын сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін ұзарту (бұрынғы уақыты 10.00-ден 21.00-ге дейін);
  • Қосымша білім беру орталықтары (барлық сыныптар үшін 10 адамнан аспайтын ара қашықтықты 2 метр сақтай отырып, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін). Қолданыстағы редакцияда тек 6-11 сыныптар үшін.
  • Спа-орталықтары, ашық жағажайжар (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін);
  • Компьютерлік және интернет клубтар, бильярд клубтары, букмекерлік кеңселер, лотереялық кеңселер (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін);
  • Қоғамдық демалыс парктері(сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін);
  • Емдік-сауықтыру орындары, шипажайлар; 
  •  Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, автобуспен ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарын, сондай-ақ облыс аумағындағы автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін іске қосу;
  •  Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, автобуспен облысаралық (республикаішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарын іске қосу;
  • Мәдениет, өнер және архив нысандарының жұмысынкөрерменсіз, келушісіз толық іске қосу;
  • Спорт нысандарының жұмысы көрерменсіз толық іске қосу.
  • Эпидемиологиялық ахуал күрделі қала, аудан, елді-мекендерді қоспағанда облыс бойынша орналасқан блок-бекеттерді алу.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<