Қызылордада мал ұрлаған төрт адам ұсталды

647

0

Қызылорда қаласында мал ұрлаған төрт адам ұсталды.

Наурыз айында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөліміне Махамбет ауылының тұрғыны белгісіз біреулер үйінің мал қорасынан 5 бас қойын ұрлап кеткендігі туралы арызданған болатын. Жәбірленушіге 225 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Полицейлермен жүргізілген кешенді жедел-тергеу жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде 4 азамат анықталып, ұсталды. Олар 22-26 жастағы қала тұрғындары екені белгілі болды. Сонымен қатар, күдіктілердің қала аумағында орын алған басқа да мал ұрлықтарына қатыстылығы тексерілуде.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен (тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасалған мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<