Қызылордада өртенген қорада үш сиыр жанып кетті

702

0

Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі ауылында мал қора отқа оранып, үш сиыр өртеніп кетті.


Оқиға Шіркейлі ауылындағы Ыдырысов көшесіндегі үйлердің бірінде болды. Ол жөнінде Сырдария аудандық №12 өрт сөндіру бөлімінің бекетіне хабарлама келіп түскен. Аталған бөлімнен оқиға орнына 4 қызметкер 1 техникамен барды.

«Мамандар барлау жұмыстарын жүргізіп, мал қора мен 300 пресс жоңышқа, 250 бау қамыс және 3 сиыр жанғаны анықталды. Құтқарушылар 4 сиырды аман сақтап қалды. Оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<