Қызылордада полицейлерге пышақ ала ұмтылған адам ұсталды

380

0

Фото: Pexels

Қызылорда облысында полицейлерге пышақ ала ұмтылған 32 жастағы тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Жалағаш аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы жол қозғалысы ережесін бұзған көлікті тоқтатқан. Тәртіп сақшылары заң шеңберінде УАЗ көлігінің жүргізушісінен құжаттарын ұсынуын сұрады.

Сол сәтте жүргізуші балағат сөздер айтып, заңды талабына бағынбаған. Полицейлерге пышақпен ұмтылып, киімін жыртқан. Қарсылық көрсеткен азамат Жалағаш ауданының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Автокөлік айып алаңына қойылды. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Осы орайда барлық азаматты тәртіп пен заңдылықты сақтауға, полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынуға шақырамыз. Қызметтік міндетін атқарып жүрген билік өкіліне қарсылық көрсеткендер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген», – деді Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<