Қызылордада Қадір түні қалай өтті?

1137

0

Мың айдан да қайырлы болған Қадір түні Қызылорда облысында жоғары деңгейде өтті. Жылдағы дәстүр бойынша Сыр мешіттерінің ұйытқы болуымен рухани кешке арнайы бағдарлама жасалды.

Ақшам намазының азанынан басталған қасиетті түнде мешіттерімізде ақ дастарқан жайылып, ауызашар берілді. Тарауық намазынан соң, Құран Хатым дұғасы оқылып, Сыр жұртшылығы ел амандығы мен тыныштығын тіледі.

Бұдан кейін қасиетті айдың құрметіне орай ұйымдастырылған түрлі сайыстар мен байқаулардың жеңімпаздары марапатталып, қариларға құрмет көрсетілді.

Одан әрі бағдарламаға сәйкес, дін қызметкерлерінің әсерлі уағыздарымен сусындап, сұрақ-жауап ойындары ойнатылды.

Сонымен қатар тасбих, таһажуд намаздары оқылып, Аллаға мадақ айтылды.

Ғибратқа толы кеш бағдарламасына сійкес іс-шаралар легі аяқталған соң, сәресі асы ұсынылып, таң намазын оқылды.

Сонымен қатар берекелі түннің құрметіне түрлі форматтағы қайырымдылық акциялары да еселеніп, балаларға рамазан сыйлары таратылды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<