Қызылордада қарындасы түрмедегі ағасына бауырсақ ішіне телефон салып өткізбек болды

649

0

Қызылорда тұрғыны тергеу изоляторында отырған бауырына бауырсаққа жасырып телефон өткізбек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қызылордада қарындасы тергеу изоляторында қамауда отырған ағасына бауырсаққа салып телефон өткізбек болған. Сәлем-сауқат есебінде алып келген бауырсақ ішінен телефон табылды.

Қарындасы Nokia маркалы телефоны мен қуаттағыш құрылғысын фольга қағазына орап, бауырсақ ішіне жасырған. Айта кетейік, қамаудағы ағасы ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабымен сегіз жылға бас бостандығынан айырылған.

«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 481-бабына сәйкес іс-құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды» деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<