Қызылордада түзету мекемесіне экскурсия ұйымдастырылды

545

0

Қаладағы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің №68 мекемесіне Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының қызметкерлері барды. Ондағы тұрмыс-тіршілікті көздерімен көрді. Айыпталғандар жатқан орынның демалу бөлмелерін тіпті тар камераларын да аралады.

Іс-шара cыбайлас жемқорлықтың алдын алу және пара алып, бергендерге қандай жағдайда жазаны өтейтіндігін көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Оны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Айнұр Болат және Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің №68 мекемесінің түзету мекемесі бастығының орынбасары Руслан Тілеумұратов жүргізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<