Қызылордада жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды

483

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысында «Самара-Шымкент» тасжолының бірқатар бөлігіне шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысының Арал ауданы аумағында ауа райы нашарлап тұр.

– Осыған байланысты «Қазақавтожол» ЖШС жолдаған хатына сәйкес елорда уақытымен 23.30-дан бастап республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1357 шақырым аралығында жүк автокөліктерінің қозғалысына уақытша тыйым салынады, – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске салсақ, бұған дейін 26 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланған еді.

Онда Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталатыны айтылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<