Қызылордалық полицейлер бес ай бойы жасырынған қылмыскерді іздеп тапты

619

0

Қызылордалық полицейлер бас бостандығы шектелген азаматты тығылып жүрген жерінен бес айдан кейін іздеп тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл азамат Сырдария ауданында пробациялық есепте тұрған. 2018 жылы есірткі егу қылмысы бойынша сотталған ол тиісті жазаға тартылды. Кейіннен сотталушы жеңіл жаза түріне ауыстырылып, бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. Соңғы уақытта тағылған айып бойынша жазадан бой тасалаған оған іздеу жарияланды.

«Оны облыс аумағынан 5 ай бойы іздестіруге тура келді. Полицейлер 55 жастағы аудан тұрғынын Қызылорда қаласында жасырынып жатқан жерінен тапты. Қазір ол қамауға алынды», – дейді аудандық полиция бөлімі бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары Әділхан Қанзадаев.

Сондай-ақ, Қызылордада 152 адамды алдап, 90 млн теңгені қалтасына басқан әйел сотталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<