«Қызымдай болшы деп айтуға қорқамын»: Гүлзира Айдарбекова келіні туралы айтты

280

0

Фото: ашық дереккөз

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде кіші келінімен түскен суретін жариялап, оған жазба арнады. Бір аптадай шетелде болған шоу-бизнес өкілі келінімен сағына қауышқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова кіші келінімен бірге жақындарының қуанышына барып, Instagram парақшасында дүбірлі тойдан сурет жариялаған. Біраз уақыт бойы көріспеген енесі мен келіні бір-бірін сағынып қалған екен. Белгілі продюсер келініне жазба арнап, оның еркелігі жайлы айтты. «Келінім әбден сағынып қалыпты. Заңғарымның Еркетай дейтіндей бар екен. Еркелігі өз ретімен. Алла бақ берсін. Қызымдай болшы деп сөзбен айтуға қорқамын. Жүрегім солай тілеп тұрады», – деп жазды Айдарбекова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<