ҚР ҚДМ үкіметтік емес ұйымдарды ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді тапсыру туралы хабардар етеді

264

0

ҚР Қоғамдық даму минис­тр­­лігі Азаматтық қоғам істері ко­митеті Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына мәлі­мет­терді ұсы­ну кезеңі туралы хабарлайды. Ағымдағы жылы 31 наурыз жек­сен­біге түскеніне байланысты ұйым­дардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі 2019 жылғы 1 сәуірде аяқталады (ҚР Аза­мат­тық кодексінің 175-бабына сәйкес егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, содан кейінгі ең таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып саналады).

Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бірлестік (саяси партиялар, діни бір­лес­тіктер мен кәсіптік одақ­­тар түрінде құрылған қо­ғам­дық бірлестіктерді қос­­пағанда), коммерциялық емес акционерлік қоғам (құрыл­тай­шысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес ак­­цио­нерлік қоғамдарды қос­па­ғанда), қоғамдық, кор­­по­ра­тивтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) ныса­нындағы заңды тұлғалар бірлестігі ныса­нындағы үкі­мет­тік емес ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Рес­публикасының ау­мағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және ха­лық­­аралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне infonpo.kz. веб-порталында элек­трондық есептілік нысанын уақы­тылы толтыруды ұсынады.

Қолданыстағы заңнамаға сәй­кес ҮЕҰ дерекқорында тір­келу мемлекеттік әлеуметтік тап­сырыс және мемлекеттік грант­тар шеңберінде әлеуметтік бағ­­дарламаларды және (немесе) әлеу­­меттік жобаларды іске асыруға, сон­дай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға ар­налған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

ҮЕҰ қызметі туралы мәлі­меттерді электрондық түрде infonpo.kz веб-портал ар­қылы ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесінде (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.

Интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтар мәлі­меттерді пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және элек­трондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дис­кілерде немесе USB-флэш-жинақтағыштарда) тапсыра алады.

ҮЕҰ қызметі туралы мәлі­меттерді ілеспе хатпен бірге пош­та арқылы немесе қолма-қол мына мекенжайға жіберу қажет: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Рес­публикасы Қоғамдық даму ми­нистр­лігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

ҮЕҰ дерекқорына мәлі­мет­терді уақытылы ұсын­ба­ғаны үшін Қазақстан Респуб­ликасының заң­намасына сәйкес жауапкершілік көзделген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<