ӘРБІР БАҒЫТ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРАДЫ

359

0

Парламент Мәжілісі Төра­­ғасының орынбасары В.Божко, Мәжіліс депутаты К.Абсатиров жұмыс сапары барысында «Қорқыт ата» кешенінде болды. 

Ұлы жолдың бойындағы  мемориалдық кешен жаңа кел­бетке енгелі мұнда тоқтайтын, арнайы келетін туристер қатары көбейген. Былтыр жаз бойы ЕХРО халықаралық көрмесін тамашалаған 13 мыңнан астам турист «Қорқыт ата» кешені мен «Байқоңыр»  айлағына да арнайы келген.

Кешен басындағы 3 экспо­зициялық залдан тұратын музей­ге ескі дәуірдің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін құн­дылықтар мен жәдігерлер қойылған. Қордағы 700-ге жуық экспонат келушілердің қызығушылығын ту­ды­ратын мәнге ие.

Қармақшы ауданының Дүр Оңғар ауылында Мәжіліс депутаты Б.Кесебаеваның жұртшылықпен кездесуінде ауыл тұрғындары А.Құлғараев, ­Б.Пірдашов, Л.Дайра­баева  өздерін толғандырған сауал­дарын қойды. Сол күні депутат «Ақтөбе және К» ЖШС-да болып, күріш өңдеу зауытының жұмысымен танысты.  Аудан орталығындағы 300 орындық жаңа мектеп құрылысын көріп, аграрлық-техникалық кол­леджде студенттермен, оқыту­шылармен кездесті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<