Редактор Қалқабай Әбеновтің 100 жылдығына орай конференция өтті

808

0

Бүгін «Достық» үйінің мәжіліс залында «Сыр баспасөзіндегі 1960-1980 жылдар: редактор Қалқабай Әбеновтің рөлі» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. Модератор облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов. Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов «Қаламгер-қайраткер Қалқабай Әбеновтің өмір жолы мен қайраткерлік қарымы» тақырыбында баяндама жасады. «Журналистік шеберлік және дәстүр сабақтастығы» тақырыбында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев баяндады. Ал «Сыр медиа» ЖШС бас директоры, Қазақстан Журналистер Одағының облыстық филиал төрағасы Аманжол Оңғарбаев «Газет редакторлары және олардың қоғамдағы орны» туралы дәйекті мысалдармен баяндама жасады.

Облыстық тарихи өлкетану музейі қор бөлімінің меңгерушісі Аманкүл Нұржанова «Қ.Әбенов музейде болған жылдар» тақырыбында өткен күндерден ерекше сәттерді ортаға салды.

Басқосуда қаламгер Қ.Әбенов туралы ардагер-журналист, Қазақстанның Құрметті журналисті Қайырбек Мырзахметұлы, қоғам қайраткері Шәкізат Төребаев естеліктерімен бөлісті.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<