Рейд жұмыстары тоқтамайды

367

0

Қазалы ауданындағы жастар арасындағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу шаралары сәуір айынан бері жалғасын тауып келеді.

Аймақ басшысы Н.Нәлібаев түнгі рейд жұмыстарын одан әрі күшейтуді қатаң тапсырған болатын. Осыған орай рейдтік жұмыстар кезектілікке сәйкес күн сайын жалғасын табуда. Бұл жолы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Совет Бабанаев бастаған топ жасөспірімдердің көптеп бас қосатын орындарына барып, түсіндірме жұмыстарын жасады.

Атап айтсақ, арнайы құрам спорт алаңдары, мейрамханалар, дүкендер, ойын-сауық орталықтары мен тамақтанатын орындарға барып, кәмелет жасқа толмаған жастардың беймезгіл уақыттан кейін жүруіне болмайтындығын ескертті.

Айта кетейік, аталған топтардың жұмысы әрі қарай қарқын алып, күшейтіле бермек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<