Ресей Қазақстанға электр энергиясын жеткізеді

864

0

Қазақстан мен Ресей елімізге электр энергиясын жеткізу мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстанға электр энергиясын жеткізу бойынша қандай да бір шешімдер немесе мерзім қабылданды ма?» – деген сұрақ Нұр-Сұлтандағы Каспий құбыр консорциумы мүшелерінің кездесуінен кейін Ресей вице-премьеріне қойылды.

«Негізі, иә. Бірақ компаниялар бір-бірімен коммерциялық келісім-шарт жасасуы керек, олар келіссөз жүргізуі керек. Негізінде мұндай сұраныс бар және негізінен жеткізу мүмкіндіктері де бар. Бұл туралы бүгін және кеше сөйлестік. Сондықтан, біздің компаниялар жақын арада келіссөз жүргізеді», – деп жауап берді Новак.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<