Өңірлік оқыту семинары

313

0

«Нұр Отан» партиясының облыстық  филиалында «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қызылорда филиалының ұйымдастыруымен «Кәсіпорындар­ға сапа менеджментін енгізу» бойынша өңірлік оқыту семинары өтті. Оған облыстағы бизнес-қауым мен мемлекеттік мекемелерден  100-ден аса өкіл қатысты.

Семинарды техникалық рет­­теу және метрология коми­тетінің облыс бойынша депар­тамент басшысы Ерқанат Кеулім­жаев ашып, шараның маңыз­­дылығына кеңінен тоқ­та­лып өтті.  Оның айтуынша, бір­ыңғай экономикалық кеңіс­тік аумағында нақты және қа­лыптасқан қазақстандық бизнес орталықтарынан өз орнын табуға мүмкіндік беретін, халықаралық стандарттардың талаптарына сәй­кес отандық кәсіпорындарға сапа менедж­ментін енгізудің жә­не серти­фикаттаудың санын арт­­тыру керек.  Сонда біздің отан­­дық кәсіпорындар жоғары талап­­тарға сай жұмыс атқаратын болады.

Оқыту семинарына «Қазақ­стан стандарттау және сертификаттау институты» РМК ОҚО филиалының директоры  Сәкен Бейсеев  баяндама жасады. Ол еңбекті қорғауды бас­қару жүйесі, пайдалануға ар­нал­ған нұсқаулыққа қойы­ла­тын талаптар және тамақ өнім­дерінің қауіпсіздігін басқару, азық-түлік тізбегінде кез-келген ұйымға қо­йы­латын ережелер туралы қамтыды. Сонымен қатар қаты­сушылармен еркін пікір алмасып,  қызықтырған сауалдарына жауап берді.

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қызылорда филиалының директоры Гүлнәз Шарапатта өз пікірімен бөлісті. «Бұл оқыту семинарының маңызы зор. Дәрісті білікті маман  беруде.  Семинардың негізгі бағыты техникалық реттеу және метрология саласының 2020 жылға арналған кешенді жос­парын дамыту, бюджеттік бағдарлама бойынша сапа менеджменті жүйесін бүгінгі отандық кәсіпорындарға енгізу. Қазіргі таңда облыс бойынша 400-ден аса кәсіпорын мен мекеме осы сапа менеджменті жүйесі бойынша стандарттау  жүйесіне енгізу үшін жұмыстар жасап жатыр. Енді олардың санын көбейту көзделуде»,–дейді ол.

Семинарда қатысушыларға арнайы  сертификат табыс етілді.

Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<