Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтайық

425

0

2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымында облыс тұрғындары арасында кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан, тұрғын секторында тұрғындардың көмірқышқыл және табиғи газбен улану жағдайлары орын алуда.
Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері тұрғын секторларды аралау бойынша күнделікті жүргізіліп жатса да, азаматтар өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелеріне немқұрайлы қарайды.
Атап айтқанда 2019 жылдың 5-ші қаңтарында  Жаңақорған ауданық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылында тұратын 1 отбасының 6 мүшесі көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға түсті.
Тұрғындардың улану себебі тұрғын үй пешінің мұржасы тартпай қалып, түтін үйінің ішіне жайылған. Үй иесі үйдің есік терезелерін ашып, бөлмелерді түтінен тазартып, көмірқышқыл газының иісін сезе тұра, таңның атқанын күтіп. Жедел жәрдем қызметін шақырмай, түн ішінде ешкімді мазалағысы келмей, өзінің және туғандарының өміріне немқұрайлықпен қараған.
Осыған байланысты тұрғын үйлерде көміртек оксидінің (СО) алғашқы белгілері кезінде түтіндіктің мұржаларын және құдықтарын күйеден уақытылы (айына кемінде 1 рет) тазалап тұруларыңызға, жылыту маусымы кезінде пештерді жөндеу және жарықтарды бітеу, қатты отынмен жанатын жылу пештерін дұрыс күйде ұстауларын тұрғындарға тағы да жеткіземіз.  
Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары қыс мезгілінде жылыту пештерін пайдалану кезінде аса сақ болыңыздар.
Есіңізде болсын! Әсіресе жылы және ылғалды ауа райы кезінде көмірқышқыл табиғи газдан улану мүмкіндігі жоғары.  Көмірқышқыл газы – ол тез тарағыш көзге көрінбейтін улы газ, сондықтан өміріңіз бен денсаулығыңыз Сіздің әрекетіңіздің жылдамдығына байланысты.
Ең бастысы – балаларыңыздың өмірін сақтап қаласыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар!

Қызылорда облысы ТЖД
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау
және профилактикалық қызмет басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<