Жастар да белсенділік танытуда

276

0

Тасбөгет кентіндегі №11 мектеп-лицейде орналасқан №225 сайлау учаскесінде дауыс берушілердің қатары қалың.  Мұнда 2602 сайлаушы тіркелген.

Учаскеге алғашқы болып келген тұрғындарға сый-сияпат көрсетілді, олардың қатарында он сегіз жастағы азамат та бар.

З.Шүкіров көшесінің тұрғындары, ардагерлер Серікбай Дүйсенов пен Нұржамал Балғабаева алғашқы келген сайлаушылар қатарында.

–Халықтың сайлауға ынтасы жоғары. Жасым – 78-де. Бүгін отағасы екеуміз дауыс беріп, өз таңдауымызды жасауға ерте келдік. Барлық балаларым да мұндай маңызды науқанда қалыс қалмайды. Еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін әр азамат таңдау жасауы қажет. Ел аман, жұрт тыныш болсын! – деді Нұржамал Балабаева.

Сондай-ақ, Тасбөгет кентіндегі Нәлқожа Ергешбаев атындағы №172 орта мектепте орналасқан №223 сайлау учаскесінде де науқан барлық талаптарға сай өтуде. Мұнда 2740 сайлаушы бар. Денсаулығына байланысты тоғыз адам үйден дауыс беруге өтініш жасаған.

Сайлау учаскесіне ерте келіп, белсенділік танытқандар арасында жастар мол екені байқалды. Солардың бірі – «Алтын ұя» балабақшасының тәрбиешісі Айсәуле Өксікбай.

-Жасым – 22-де. Сайлауға алғаш рет қатысып, өз таңдауымды жасадым. Сайлауға келіп дауыс беру – әр азаматтың борышы деп ойлаймын, – деді ол.

«СБ» ақпарат

Фото авторы: Нұрболат Нұржаубай

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз