Сайлау талапқа сай өтуде

466

0

Қызылорда қаласындағы Ғ. Мұратбаев атындағы №171 орта мектепте №201 сайлау учаскесі жұмыс жасауда.

Маңызды науқанда алғашқылардың бірі болып Скатков көшесінің 85 жастағы тұрғыны Құлбай Байбосын дауыс берді. Сондай-ақ, өзінің ақ батасын жолдады.

Айта кету керек, сайлау учаскесіне ертемен келіп, дауыс берушілердің қарасы қалың.

– Бүгін тарихи күн. Біздің участікке 2501 сайлаушы тіркелген. Тұрғындар өз таңдауларын жасауда. Әсіресе, үлкен кісілердің белсенділігі жоғары. Сақтық шаралары толық сақталып, әр үш сағат сайын бір реттік қолғаптар мен маскалар ауыстырылып отыр. Ешқандай заң бұзушылық орын алмады, – дейді учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Бекзат Ибраев.


Айта кету керек, партиялық тізім бойынша ұсынылған партиялардың байқаушылары өкілдік етуде.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<