Сала мамандары турнирге қатысты

351

0

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ филиалының ұйымдастыруымен барлық аймақта әртүрлі санатындағы және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмысшы және студент жастар арасында шағын футболдан «AMANAT CUP» турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты – жастар арасында спортпен белсенді айналысуға шақыру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау.
Турнирде 16 команда бақ сынасты. Екі күнге созылатын «AMANAT CUP» турнирінің қорытындысы бойынша жүлделі І орынға «Отбасы Банк» командасы, ІІ орын – «Тұран» және ІІІ орынға «Хан» командасы жеңіске жетті. Жеңімпаз командалар, сондай-ақ, «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы» номинацияларына ие болған ойыншылар арнайы диплом, кубок, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бейне жолдауында жаңа Қазақстан жастары үшін үш маңызды басымдықты атап өтті: білімге ұмтылу, еңбекқорлық және патриотизм. «Патриотизм» басымдығы шеңберінде әуесқой командалармен жастар арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылуда. Аталмыш жоба жастарды әлеуметтендіру және салауатты өмір салтына тарту мақсатында жүзеге асып жатыр. Ойын 2 күнге жоспарланды: командалық ойын және ¼ Финал ойындары. Қатысқан барлық командаларға алғыс білдіреміз»,- деді «Жастар Рухы» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы М.Жорабек.

«Турнир қызықты әрі тартысты өтті. Бақ сынасып жатқан барлық командалар керемет ойын өрнегін көрсетуде. Бұл турнир жарыс болғанымен бізге жаңа дос, таныс және жаңа мүмкіндіктер берді. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз», – деді «Тұран» командасының ойыншысы Жұмахмет Ғани.
Айта кетейік, аталмыш жоба Республикалық деңгейде ұйымдастырылып, еліміз бойынша 1500-ден аса жастардан құралған 195 команда қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<