Әскери қаруды үйіне жасырған

622

0

Қызылорда қаласында 5 қаңтар күні орыналған жаппай тәртіпсіздік кезінде қолды болған әскери қызметкерлерге тиесілі қару табылды. Бұл туралы облыстық Полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тергеу барысында осы іске қатыстылығы бар күдіктінің үйінен әскери қызметшілерге тиесілі 1 – дана АК – 74 және 1 – дана ГП – 25 қаруы табылып, қылмыстық іске заттай дәлелдеме ретінде тіркелді.

Қазіргі таңда қылмыстық Кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылды делінген хабарламада.

Сурет: ғаламтордан алынды

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<