Сатирикпен сыр-сұхбат

2139

0

Шиелідегі  «Арман» мәдениет үйінде «Адал адам» концепциясы,  «Сұхбат ТІМЕ» жобасы аясында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Шарайна-Сейхун» аймақтық ақпараттық-танымдық газетінің директор-редакторы, сатирик, Шиелі ауданының Құрметті азаматы Нұрмахан Елтаймен кездесу өткізілді. Кездесу сұхбат форматында ұйымдастырылды.

Онда Нұрмахан Назымханұлының өмірі, еңбек жолы, балалық шағы, отбасы жайлы сыр шертіліп, Шоқан Уәлиханов атындағы №127 мектеп-лицей оқушылары сұрақ-жауап алмасты.

Сондай-ақ «ӘлемВООК» жобасы бойынша жазушының кітаптарынан көрме ұйымдастырылды. Оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығы оянды.

Н.Елтай ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, «Арман» мәдениет үйіне «Сұңқарлар биікте самғайды» атты кітабын тарту етті. Сұхбат алаңына қызығушылық танытып келген оқушыларға ақ батасын берді.

Ғазиза РҮСТЕМБЕК.

Шиелі ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<