Саусақ таңбасын алу жүйесі енгізіледі

499

0

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұхамбет айтты, деп жазады Egemen.kz.

Спикердің айтуынша, ІІМ ақпараттық жүйесін Азаматтық хал актiлерi жазбаларымен интеграциялау арқылы жалған құжаттар ұсыну мүмкіндігі жойылатын болады. Сонымен қатар әкімшілік кедергілер де азая бастаған.

«Біз азаматтардан тегінің өзгергендігі, туған жері мен жылы, ұлты және басқа да нақтылау мәліметтері туралы құжаттарды талап етпейтін боламыз. 2023 жылдан бастап жеке басты куәландыратын құжаттарды алу немесе ауыстыру кезінде саусақ таңбасын алу енгізілетін болады. Бұл да заңсыз құжат жасау тәуекелін айтарлықтай төмендететін болады», деді басқарма басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<